РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 - тармағының 14-3) тармақшасына және 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында және оларды жұмыспен қамту үшін Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Жумадиловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданы әкімінің м.а. | А. Брагинец |