Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 20/13-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое ауданының аумағында орналасқан автотұрақтардың (паркингтердің) мынадай санаттары белгіленсін:
жабық түрлі жер бетіндегі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар – 1 санат;
басқа мақсаттағы ғимараттарға қатар салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғаса салынған автотұрақтар – 2 санат;
ғимараттардың астында жер астындағы, жертөледегі, төменгі қабатта немесе төменгі жер үстіндегі қабаттарда орналасқан автотұрақтар – 3 санат.
2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты, тұрғын үй қоры, оның ішінде іргесіндегі құрылыстар мен ғимаратттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Глубокое ауданының аумағындағы елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкасы бойынша салық салуға жататын автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық ставкасы мынадай мөлшерлерде ұлғайтылсын:
1-санатты автотұрақтарға (паркингтерге) 10 есе;
2-санатты автотұрақтарға (паркингтерге) 9 есе;
3-санатты автотұрақтарға (паркингтерге) 8 есе.
3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде базалық салық ставкалар қолданылатын жақын елді мекен болып Глубокое кенті анықталсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Ф. Сатаева |
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |