Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 18.09.2019 № 34/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5 –V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2014 жылы 23 мамырда "Ақ бұлақ" және "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні – интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан:
бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне; Ауғанстандағы әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылары мен қызметшілеріне – 32,4 айлық есептік көрсеткіш;
Ауғанстанда ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына – 32,4 айлық есептік көрсеткіш;
2) Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 5,4 айлық есептік көрсеткіш;
төрт және аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға - 5,4 айлық есептік көрсеткіш;
3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға - 32,4 айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына - 10 айлық есептік көрсеткіштер;
4) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 37,8 айлық есептік көрсеткіштер;
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдарға – 32,4 айлық есептік көрсеткіш;
қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға – 32,4 айлық есептік көрсеткіш;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 32,4 айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге – 32,4 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысында қаза болған (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған жұбайларына – 32, 4 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға - 5,4 айлық есептік көрсеткіш;
5) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр – жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 1,5 айлық есептік көрсеткіш;
6) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз:
он сегіз жасқа дейінгі жетім-балалар және ата-аталарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуші отбасыларына - 5 айлық есептік көрсеткіштер;
бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-балаларды тәрбиелеуші отбасыларына - 5 айлық есептік көрсеткіштер;
он алты жасқа дейінгі мүгедек-балаларды тәрбиелеуші отбасыларына - 5 айлық есептік көрсеткіштер.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|