Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 12.09.2018 № 25/219-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 34-1-бабына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерінде беріледі.
Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 15 000 (он бес мын) теңге көлемінде ұсынылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 22.09.2017 № 14/123-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Жүреров |
Мәслихат хатшысы | Н. Есполов |