РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және қосымша мемлекеттік кепілдемелерді жұмыспен қамту саласында қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1-тармағы 14) тармақшасын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының, 2) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға Зырян ауданының аумағында тұратын халықтың келесі насыналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15) 50 жастан асқан адамдар;
16) мектептерді, кәсіби оқу орындарын аяқтаған түлектер;
17) АИТВ-жұқтырғандар, нашақор азаматтар;
18) жазғы демалыс кезеңіндегі студенттер мен мектеп оқушылары;
19) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
20) "Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
21) " Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" Бағдарламасының қатысушылары, кәсіптік оқуды аяқтағандар.
2. "Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Зырян ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жатқызылған тұлғаларды уақытша жұмыспен және жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді қатамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян | |
ауданының әкімі | Е. Сәлімов |