Зырян ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 36/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда N 3635 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/9-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 30.03.2018 № 27/9-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Зырян ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1- қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты, тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Зырян ауданының аумағындағы елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері 2- қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекен болып Зырян қаласы анықталсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы,


Зырян ауданының


мәслихат хатшысы

Г. Денисова


  Зырян ауданының
  мәслихатының
  2014 жылғы 24 желтоқсандағы
  № 36/5-V шешіміне
  1- қосымша

Зырян ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

№ р/с

Автотұрақтар (паркингтер)

Санаттары

1

Жер бетіндегі жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2

Басқа мақсаттағы ғимараттарға қатар салынған автотұрақтар (паркингтер), басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғаса салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ғимараттардың жер асты, жертөле, цокольды немесе жер үсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер)

3 санат


  Зырян ауданының
  мәслихатының
  2014 жылғы 24 желтоқсандағы
  № 36/5-V шешіміне
  2- қосымша

Зырян ауданының аумағындағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлердің базалық салық мөлшерлерін ұлғайту туралы

р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Базалық мөлшерлерінің ұлғаюы

1

1 санат

10 есе

2

2 санат

9 есе

3

3 санат

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады