2014 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 273 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 ақпанда № 3191 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 12.05.2015 № 223 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасының, 20-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерінің 6, 7, 8, 18 тармақтарының негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында және жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін халықтың әр түрлі топтарын қолдау үшін, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
      2. Жергілікті бюджет қаражатынан еңбекақының мөлшері 2014 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Рақышеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Д. Тлеубаев

  Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2014 жылғы "30" қаңтарда
№ 273 қаулысымен бекітілген
қосымша

2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары


р/р

Ұйымдар аты

Қоғамдық жұмыс түрлері

Атқарылатын жұмыстар көлемі

Сұраныс (жарияланған қажеттілік, адам)

Ұсыныс (бекітілген) басшысы)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.
"Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көркейту және көгалдандыру: мекеменің аумағын жинастыру; гүл отырғызу және гүлзар суару
-күніне 400 шаршы метр;
-күніне 200 шаршы метр
2
2
Жергілікті бюджет
2.
"Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу
Аумақты жинастыру – айына 12 гектар;
көшеттерді отырғызу және суару – 3000 тал;
қоқыстарды тиеп шығару – айына 42 тонна;
40 үйдің ауласын қардан тазарту; отын жару – 2 текше метрден
53
53
Жергілікті бюджет
3.
"Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу; жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу
Аумақты жинастыру – айына 2400 шаршы метр; қоқыстарды тиеп шығару – айына 30 тонна; көшеттерді отырғызу және суару – 200 тал; Новохайрузовка ауылы – күніне 595 дана;
7 үйдің ауласын қардан тазарту; отын жару 2 текше метрден
13
13
Жергілікті бюджет
4.
"Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту); пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу.
Аумақты жинастыру – айына 3000 шаршы метр; көшеттерді отырғызу және суару – 200 тал;
Солоновка ауылы – күніне 300 дана, Малонарымка ауылы – күніне 250 дана
12
12
Жергілікті бюджет
5.
"Алтынбел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу
Аумақты жинастыру – айына 12 гектар; қоқыстарды тиеп шығару – айына 40 тонна; көшеттерді отырғызу және суару – 200 тал; Егінді ауылы – күніне 100 дана
 15
15
Жергілікті бюджет
6.
"Ново-Поляковка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
жалғыз басты қарт
адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу.
Аумақты жинастыру – айына 4 гектар;
қоқыстарды тиеп шығару – айына 5 тонна;
көшеттерді отырғызу және суару – 100 тал;
6 үйдің ауласын қардан тазарту; отын жару – 2 текше метрден;
күніне Сенное ауылы – 98 дана, Огнева, Ульяновка ауылдары – 84 дана, Бесүй ауылы – 46 дана
13
13
Жергілікті бюджет
7.
"Солдатово ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу;
хат-хабарларды тарату.
Аумақты жинастыру – күніне 150 шаршы метр; қоқыстарды тиеп шығару – айына 1 тонна; көшеттерді отырғызу және суару – 300 тал;
күніне 450 дана;
күніне 5-6 құжат
7
7
Жергілікті бюджет
8.
"Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу
Аумақты жинастыру – айына 15 гектар; қоқыстарды тиеп шығару – айына 40 тонна; көшеттерді отырғызу және суару – 600 тал; 10 үйдің ауласын қардан тазарту, отын жару 2 текше метрден;
күніне Жаңаүлгі ауылы- 97 дана, Қабырға ауылы – 97 дана
32
32
 
 
Жергілікті бюджет
9.
"Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу;
хат-хабарларды тарату
Аумақты жинастыру – жылына 15 гектар;
қоқыстарды тиеп шығару – жылына 50 тонна;
Үшбұлақ ауылы- күніне 89 дана;
жылына 1330 құжат
10
10
Жергілікті бюджет
10.
"Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу
Орталық алаңды қоқыстан тазарту – айына 2 гектар;
қоқысты тиеп шығару – айына 5 тонна;
көшеттерді отырғызу және суару – 100 тал;
күніне Ақшарбақ ауылы- 56 дана;
Бекалқа ауылы – 28 дана; Жазаба ауылы – 36 дана
8
8
Жергілікті бюджет
11.
"Белқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
 
пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу
Аумақты жинастыру – айына 7 гектар;
қоқыстарды тиеп шығару – айына 25 тонна;
көшеттерді отырғызу және суару – 400 тал;
Өрнек ауылы- күніне 58 дана
13
13
Жергілікті бюджет
12.
"Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу;
пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу.
Аумақты жинастыру – айына 9 гектар;
қоқыстарды тиеп шығару – айына 30 тонна;
6 үйдің ауласын қардан тазарту, отын жару – 2 текше метрден;
күніне Ақмарал ауылы- 58 дана, Аққайнар ауылы – 356 дана.
13
13
Жергілікті бюджет
13.
"Жамбыл ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу
Аумақты жинастыру – айына 3,5 гектар;
қоқыстарды тиеп шығару –30 тонна;
көшеттерді отырғызу және суару – 400 тал;
10 үйдің ауласын қардан тазарту; отын жару – 2 текше метрден;
Шұбарағаш, Маралды ауылдары- күніне 75 дана
9
9
Жергілікті бюджет
14.
"Өрел ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу
Аумақты қардан тазарту – айына 2500 шаршы метр;
қоқыстарды тиеп шығару –айына 40-45 тонна;
көшеттерді отырғызу және суару – 300 тал;
6 үйдің ауласын қардан тазарту, отын жару – 2 текше метрден
10
10
Жергілікті бюджет
15.
"Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Қызметтік үй-жайларды жинастыру; көгалдандыру және көркейту;
ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу
Күніне 365 шаршы метр; аумақты қардан,қоқыстан тазарту – аптасына 220 шаршы метр; гүл отырғызу және гүлзарды суару – күніне 200 шаршы метр;
өңдеу, реттеу, тігу – айына 100-200 құжат
5
5
Жергілікті бюджет
16.
"Катонқарағай ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ағымдағы және мұрағаттық құжаттарымен жұмыс істеу;
әлеуметтік жәрдемақы алушылардың іс-құжаттарын құру, тігу;
жұмыссыздардың іс-құжаттарын құру
Өңдеу, реттеу, тігу – айына 200-300 құжат;
күніне 10-20 құжат;
жылына 300-400 құжат
2
2
Жергілікті бюджет
17.
"Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және кұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу;
хат-хабарларды жеткізу
Өңдеу, реттеу, тігу – айына 50-60 құжат;
 
күніне 5-7 құжат
2
2
Жергілікті бюджет
18.
"Катонқарағай ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу;
хат-хабарларды жеткізу
Өңдеу, реттеу, тігу – күніне 8-10 құжат;
күніне 3-5 құжат
 
2
2
 Жергілікті бюджет
19.
"Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті Катонқарағай аудандық статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Қызметтік үй-жайларды жинастыру;
хат-хабарларды жеткізу;
мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу
Күніне 50 шаршы метр;
күніне – 3-5 құжат;
өңдеу, реттеу, тігу – күніне 5-6 құжат
2
2
Жергілікті бюджет
20.
"Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Катонқарағай ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеу;
 
Өңдеу, реттеу, тігу – күніне 5-6 құжат;
күніне 8 бет.
2
2
Жергілікті бюджет
21.
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Катонқарағай аудандық әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу;
хат-хабарларды жеткізу.
Өңдеу, реттеу, тігу – күніне 8-10 құжат;
күніне 5-6 құжат
4
4
Жергілікті бюджет
22.
"Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Тіркеу жұмыстарына көмектесу;
көктемгі және күзгі шақырылым кезіндегі жұмыстарға көмектесу
Тіркеу кезінде 70 хабарлама жеткізу;
400 шақырылушының құжаттарын реттеу және тігу; мекемелерге хат-хабар тасымалдау (қаңтар-наурыз) – айына 20-40 құжат;
600 шақыру қағазын тарату;
шақырылушылардың 1200 құжаттарын реттеу және тігу
2
2
Жергілікті бюджет
23.
"Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Қызметтік үй-жайларды жинастыру;
хат-хабарларды жеткізу;
ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу
Күніне 69,3 шаршы метр,
күніне 5-10 құжат;
өндеу,құру, тігу-күніне 8-10 құжат
2
2
Жергілікті бюджет
24.
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитеті Шығыс Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаментінің Үлкен Нарын аумақтық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Құжаттар мен хабарламаларды тасымалдау;
қызметтік үй-жайларды жинастыру;
ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу
Күніне 10-25 құжат;
 
күніне 63,0 шаршы метр;
 
өңдеу, реттеу, тігу – күніне 10-25 құжат.
4
4
Жергілікті бюджет
25.
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитеті Шығыс Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаментінің Катонқарағай аумақтық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Құжаттар мен хабарламаларды тасымалдау;
ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу
Күніне 10-15 құжат;
 
өңдеу, реттеу, тігу – күніне 15-25 құжат
2
2
Жергілікті бюджет
26.
"Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотында сот істерін жүргізу департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот аппараты) Шығыс Қазақстан облысының сот кеңсесі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Хат-хабарларды тасымалдау; сотқа шақыру қағаздарын тасымалдау; сот отырысының хатшысына көмектесу
Күніне 30-50 құжат;
 
айына 50-70 құжат;
 
шақыртылғандардың тізімін реттеу, 5-6 құжат тігу
4
4
Жергілікті бюджет
27.
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық басқармасының Катонқарағай ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Салықтық хабарламаларды тіркеуге көмектесу;
хабарламаларды жеткізу;
ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу
Аптасына 50-60 құжат;
аптасына 50-80 құжат;
өңдеу, реттеу, тігу – айына 10-15 құжат
2
2
Жергілікті бюджет
28.
"Катонқарағай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыстарға көмектесу;
хат-хабарларды жеткізу
Өңдеу, реттеу, тігу – күніне 5-6 құжат;
күніне 3-5 құжат
2
2
 Жергілікті бюджет
29.
"Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыстарға көмектесу; хат-хабарларды жеткізу
Өңдеу, реттеу, тігу – күніне 8-10 құжат;
күніне -3-5 құжат
2
2
 Жергілікті бюджет
30.
"Катонқарағай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыстарға көмектесу; хат-хабарларды жеткізу
Өңдеу, реттеу, тігу – айына 15-20 құжат;
күніне 4-5 кұжат
6
6
 Жергілікті бюджет
31.
"Катонқарағай ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі"мемлекеттік мекемесі
Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыстарға көмектесу
Өңдеу, реттеу, тігу – айына 5-10 құжат
1
1
 Жергілікті бюджет
32.
"Алтынбел орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру және көркейту жұмыстарына көмектесу
Аумақты жинастыру – күніне 400-600 шаршы метр
1
1
Жергілікті бюджет
 
Барлығы:
 
 
260
260
 

      Қоғамдық жұмыстардың нақты талаптары:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күні беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, еңбекақы төлеу, зейнетақы және әлеуметтік аударымдары, қолданылмаған еңбек демалысына өтемақы жүргізу еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмыс берушімен жүргізіледі. Жұмыскерлердің жеке санаттары (әйелдер және отбасылық міндеттері бар басқа тұлғалар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған тұлғалар) үшін қоғамдық жұмыстардың талаптары тиісті санатқа еңбек талаптарының ерекшелігін ескере отырып белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің және жұмыскердің арасында жасалған еңбек шарттарымен қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады