Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 10/134-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының "Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 23 мамырдағы № 39 (7728) "Арай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген, Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
2-тараудың 10-тармағы 4) тармақшасы 11-азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталғандарға – 5,4 айлық есептік көрсеткіш."
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М.Бұлғынов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д.Бралинов |