Катонқарағай ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы № 02 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылқы 29 желтоқсанда № 3599 болып тіркелді

     РҚАО-ның ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк–аумақтық құрылысы туралы» Казақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, 2014 жылғы 3 қыркүйектегі Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Катонқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Катонқарағай ауылдық округiнің Катонқарағай ауылындағы атауы жоқ көшеге «Михаил Кильтер» атауы берiлсiн.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Катонқарағай ауылдық округi әкiмiнің орынбасары Б. Макишевке жүктелсiн.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Катонқарағай ауылдық округінің әкімі

А. Балтабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады