Күршім ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын анықтау Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-20 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 мамырда № 3368 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/19-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 14/19-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Күршім ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Әзімбаев
      Күршім аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Әбілмәжінов

  Күршім аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 17-20 шешімімен бекітілген

Күршім ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы, Күршім ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң Қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi және Күршім ауданының аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үйлердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Күршім ауданының аумағында ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi

      3. Бөлек жиынды Күршім ауданының ауылдық округтерінің әкімдері шақырады.

      Күршім ауданы әкімінің жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.

      4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

      5. Ауылдар, көшелер, көппәтерлi тұрғын үйлер шегiнде бөлек жиынды өткiзудi ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.

      7. Бөлек жиынды ауылдық округ әкімі, немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғынға 4 өкіл сандық құрамында бөлек жиынға қатысушылар ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 29.10.2014 № 20-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.

  Күршім ауданында бөлек
жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің
Қағидаларына қосымша

Күршім ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер өкілдерінің кандидатураларының сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 29.10.2014 № 20-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады