Күршім аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі N 18-8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 тамызда N 3464 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 21-6 шешімімен

         Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 21-6 шешімімен ( алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Күршім аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 11 шілдеде № 5-14-130 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі № 56 "Рауан" және "Заря" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасында:
      8 тармақтағы "11 тармақтың санамаланған" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес" деген сөздерге алмастырылсын;
      11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "11. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген.";
      19 тармақ алынып тасталсын;
      Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасының қосымшасында:
      "Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы"
      жолы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы".
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Сессия төрағасы

Қ. Тюстюкпаев

      Күршім аудандық


      мәслихаттың хатшысы

Қ. Әбілмәжінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады