РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуіріндегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының су деңгейі көтеріліп, көл жағалауын су шаю салдарынан, жағалауға жақын үйлер тұрғындарын қауіпсіз орынға көшіру қажеттігі туындауына байланысты, Күршім ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Балықшы ауылдық округінің Ақсуат ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Күршім ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Әбілмәжіновке жүктелсін.
4. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | А. Сеитов |