РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 2 сәуірдегі №227 ұсынысына сәйкес, Абай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Абай ауылдық округінің Теректібұлақ ауылында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – мал дәрігері Б.Аманжоловқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауылдық округінің әкімі | Н.Сулейменова |