Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 394 "Ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгiленген бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 94 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3270 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгiленген бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 394 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3109 болып тiркелген, аудандық «Тарбағатай» газетiнiң 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 103 (7793) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгiленген бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы»;
      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгiленген бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) 1234 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.»;
      көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Жақаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          А.Смаилов

      КЕЛІСІЛДІ:     

      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М.Мағжаев

      « 27 » __03____ 2014 жыл

Тарбағатай ауданы
әкiмдiгiнiң 2014 жылғы
« 27 »  наурыз № 94
қаулысына қосымша

Тарбағатай ауданы
әкiмдiгiнiң 2013 жылғы
5 қарашадағы № 394
қаулысына 4 қосымша

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi «Тарбағатай ауданының ауыл
шаруашылығы және ветеринария бөлімi» мемлекеттiк мекемесiнiң
ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгiленген ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры;
      2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директорының орынбасары;
      3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын филиалының директоры;
      4. Ветеринариялық пункт меңгерушісі;
      5. Мал дәрігері;
      6. Мал фельдшері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады