Маңырақ ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 22 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылқы 27 қаңтарда № 3659 болып тіркелді

      Казақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес, 2014 жылғы 3 қыркүйектегі Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Маңырақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Маңырақ ауылдық округiнің Маңырақ ауылындағы атауы жоқ көшеге – "Қабден Күсемісов" атауы берiлсiн.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Маңырақ ауылдық округi әкiмi аппаратының бас маманы Н.Абдрахбановаға жүктелсiн.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Маңырақ ауылдық
      округінің әкiмi А.Қожахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады