Үржар ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-249/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 3353 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 шілдедегі № 3-91/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 шілдеде № 100-18 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 13.07.2023 № 3-91/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Үржар ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны айқындалсын

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы,


Үржар аудандық


мәслихатының хатшысы

М.Бітімбаев



  Үржар аудандық мәслихатының
  2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-249/V
  шешімімен бекітілген

Үржар ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
1. Жалпы Ереже

      1. Осы Үржар ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес жасалды және Үржар ауданының аумағында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Ауыл, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиыны (әрі қарай – бөлек жиын) ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындар өткізу төртібі

      3. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі шақырады.

      (Аудан әкімінің жергілікті қоғамдастық жиын өткізуге оң шешімі болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Осы қағиданың қосымшасына сәйкес санына байланысты жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.


  Үржар ауданының аумағында бөлек
  жергілікті қоғамдастық жиындарын
  өткізу Қағидасына және жергілікті қоғамдастық
  жиынына қатысу үшін ауыл, көше,
  көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің 
  санын айқындауға қосымша

Үржар ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу
үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдері
кандидатураларының саны

Ауыл азаматтарының саны (адам)

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны(адам)

100 дейін

3

100 бастап 500 дейін

5

500 бастап 1000 дейін

10

1000 бастап 1500 дейін

15

2000 бастап 3000 дейін

25-30

3000 бастап 4000 дейін

35-40

4000 жоғары

45-50


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады