Көкөзек ауылындағы көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көкөзек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 23 қазандағы N 10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қарашада N 3562 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес, 2014 жылғы 03 қыркүйектегі Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындардың пікірін ескере отырып, Көкөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Көкөзек ауылындағы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Ленин көшесі - Абай көшесіне;
      2) Краснопартизанская көшесі - Қ.Қайсенов көшесіне;
      3) Комсомольская көшесі - Ә.Молдағұлова көшесіне;
      4) Школьная көшесі - Б.Момышұлы көшесіне;
      5) Колхозная көшесі - Қабанбай батыр көшесіне;
      6) Степная көшесі - Қ.Сәтпаев көшесіне;
      7) Красноармейская көшесі - М.Мәметова көшесіне;
      8) Кусакская көшесі - С.Байжарасов көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы К.Мерекеноваға жүктелсін.
      3. Шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Көкөзек ауылдық округі әкімі

А.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады