РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылдың 07 сәуіріндегі № 126 ұсынысы негізінде Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Қоңыршәулі ауылдық округінде мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С. Кульмухаметовке шектеу іс-шараларынан туындайтын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның "Үржар Вет" аға мал дәрігері А. Телгозинге сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қоңыршәулі ауылдық | |
округінің әкімі | А. Жүнісов |
Келісілді: | |
Қазақстан Республикасы ауыл | |
шаруашылық Министрлігі | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Үржар | |
аудандық аумақтық инспекциясының | |
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық | |
инспекторы | С. Кульмухаметов |
" 09 " маусым 2014 ж. | |
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның | |
"Үржар Вет" аға мал дәрігері | А. Телгозин |
" 09 " маусым 2014 жыл | |