Қоңыршәулі ауылдық округі елді мекенінің ұсақ мүйізді малдары бруцеллез індетінен сауықтырылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 10 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы бастығының 2015 жылдың 16 қарашадағы № 380 ұсынысына сәйкес, Қоңыршәулі ауылдық округі елді мекенінің ұсақ мүйізді малдары бруцеллез індетінен сауықтырылды деп танылсын.
      2. Күші жойылды деп есептелсін:
      1) Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 09 маусымдағы № 3 шешімі "Қоңыршәулі ауылдық округінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 09 шілдедегі № 3394, аудандық "Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 89 санында жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Қоңыршәулі ауылдық
      округінің әкімі А.Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады