"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5–IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 3226 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы N 25/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 30.01.2015 N 25/2-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-119 тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2010 жылғы 28 мамырдағы № 23 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы мына редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы";
      шешімнің мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "ережесін", "ережесі", "ережеде" деген сөздер тиісінше "қағидасын", "қағидасы", "қағидада" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасында:
      4–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
      7–тармақтың үшінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;";
      22–тармақтың бірінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы

А. Боровиков

      Шемонаиха аудандық


      мәслихатының хатшысы

Ә. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады