"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 3631 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы N 25/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 30.01.2015 N 25/2-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
       1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-119 болып тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2010 жылғы 28 мамырдағы № 23-санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасындағы:
       7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "7. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетіледі" (бұдан әрі - уәкілетті орган).
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына немесе электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі - портал) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады.
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрайымы

А. Яровикова

      Шемонаиха аудандық


      мәслихатының хатшысы

Ә. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады