"Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 938 оа бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 қазанда № 9811 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 25 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 15.04.2019 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Статистикалық ақпаратпен мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 4-тармақшасына сәйкес, сонымен қатар "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 938 оа бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3322 санымен тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша Нұсқаулықта:

      16-5; 16-6; 16-7-тармақтар - алып тасталынсын;

      16-8 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "16-8. Статистикалық мәліметтерді беру туралы сұранымдарға "Әкімшілік процедуралар туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағына сәйкес органның басшысы, оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      Бас прокуратураның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің сұрауларына құрылымдық бөлімшенің бастығы қол қояды".

      2. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;

      2) Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субьектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады