Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2017 № 188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5735 тіркелген,
2009 жылғы 14 тамызда "Заң газеті" газетінде № 123 (1546) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметiнiң айрықша түрi қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан
әрі – уәкілетті ұйымдар) қаржылық орнықтылығын нығайту және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан ерте емес қолданысқа енгiзiледi.
Ұлттық Банк Төрағасы "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі 2014 жылғы 28 тамыз "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі 2014 жылғы 15 қыркүйек Қ. Келімбетов |