"Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 188 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 16162 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.04.2019 № 49 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Уәкілетті ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталы заңды тұлға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензия және лицензияға қосымшаны алуға өтініш білдіргенге дейін толық көлемде ақшалай нысанда қалыптастырылады.

      Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталының ең аз мөлшері:

      1) Астана және Алматы қалаларында орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 30 000 000 (отыз миллион) Қазақстан теңгесін;

      2) облыстардың әкімшілік орталықтарында орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 20 000 000 (жиырма миллион) Қазақстан теңгесін;

      3) өзге жерде орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 10 000 000 (он миллион) Қазақстан теңгесін құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Уәкілетті ұйым қосымша айырбастау пунктін ашқан кезде оның ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес ұлғайтылуға тиіс.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті ұйымның біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер;

      2) Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйымның банк шотына жарғылық капиталға жарна ретіндегі ақшаның есептелуін растайтын екінші деңгейдегі банктің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш білдірген күнге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес берілген құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме);

      3) кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша дайындықтан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі не Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кассир ретінде кемінде алты ай еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);

      4) ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындау үшін техникалық құралдардың сипаттамаларын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері);

      5) бақылау-касса аппаратын дайындаушы зауыт паспортының көшірмесі немесе компьютерлік жүйенің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаты бар құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері);

      6) компьютерлік жүйе болмаған жағдайда Қағидалардың талаптарына сәйкес айырбастау операцияларының есебін жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаты бар құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері);

      7) бейнебақылау жүйесінің Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері).";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Уәкілетті ұйымдарды лицензиялау тәртібі және талаптары";

      13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті ұйым қосымша айырбастау пунктін ашқан кезде екінші деңгейдегі банктің қолданыстағы лицензияның қосымшасын алу үшін өтініш жасаған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес берілген, жарғылық капиталды толықтыру мақсаттары үшін уәкілетті ұйымның банк шотына ақшаның есептелуін растайтын құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) ұсынылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Ұлттық Банк филиалы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін көзделген мерзім ішінде уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің үй-жайына және техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап тексереді.";

      15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық Банк филиалы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде және Рұқсаттар туралы заңның 33 және 34-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Бұл ретте қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және (немесе) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша ұсынылады.";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Электрондық лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу бойынша электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген "Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы Қағидаларда белгіленген тәртіппен көрсетіледі.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарғылық капиталдың мөлшері ұлғайған жағдайда екінші деңгейдегі банктің жарғылық капиталды толықтыру мақсаттары үшін уәкілетті ұйымның банк шотына ақшаның есептелуін растайтын құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) ұсынылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ерікті таратылған не қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметтен бас тартқан жағдайда, уәкілетті ұйым шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, Ұлттық Банк филиалына жазбаша не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы хабарлайды және лицензияның және лицензияға қосымшалардың түпнұсқаларын қазақ және орыс тілдерінде қайтарады (қағаз нысанында берілген лицензия және лицензияға қосымшалар үшін).

      Уәкілетті ұйым өз филиалының қызметін ерікті тоқтатқан жағдайда тиісті шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, қызметі тоқтатылатын филиалды есептік тіркеу орны бойынша бұл туралы Ұлттық Банк филиалына жазбаша не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы хабарлайды және уәкілетті ұйымның қызметін тоқтататын филиалының айырбастау пункттеріне берілген лицензияға қосымшалардың қазақ және орыс тілдеріндегі түпнұсқаларын қайтарады (қағаз нысанында берілген лицензияға қосымшалар үшін).

      Айырбастау пунктін жапқан жағдайда, уәкілетті ұйым (оның филиалы) айырбастау пункті жабылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк филиалына қабылданған шешім туралы жазбаша не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы хабарлайды және лицензияға қосымшаның қазақ және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын қайтарады (қағаз нысанында берілген қосымша үшін).";

      4-тараудыңтақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Уәкілетті банктердің айырбастау пункттерін ашу, қызметін тоқтата тұру, жаңарту, жабу туралы хабарлау тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "26-1. Уәкілетті банктің айырбастау пунктінің куәлігі жоғалған, бүлінген жағдайда Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банктен (оның филиалынан) жазбаша өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, уәкілетті банктің айырбастау пунктінің бастапқы куәлігінің нөмірі мен күнін, сондай-ақ жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" жазбасын және телнұсқа берілген күнді көрсете отырып уәкілетті банктің айырбастау пунктінің куәлігінің телнұсқасын береді.

      26-2. Уәкілетті банктің айырбастау пунктінің бұрын берілген куәлігінде қателер анықталған жағдайда уәкілетті банк (оның филиалы) қателерді түзету туралы еркін нысанда өтініш береді.

      Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банк (оның филиалы) тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, уәкілетті банктің айырбастау пунктінің бастапқы куәлігінің нөмірі мен күнін көрсете отырып уәкілетті банктің айырбастау пунктінің тиісті түзетулер көрсетілген куәлігін береді.";

      27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Айырбастау пункті қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлама айырбастау пункті соңғы операцияны жүргізгеннен кейінгі келесі жұмыс күні жіберіледі. Бұл ретте уәкілетті банктің айырбастау пункті куәлігінің қағаз нысанында берілген, қазақ және орыс тілдеріндегі түпнұсқасы және (немесе) телнұсқасы айырбастау пункті қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалына қайтарылуға жатады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Айырбастау пункттеріне қойылатын талаптар және олардың жұмыс істеу шарттары";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Айырбастау пунктінің (автоматтандырылған айырбастау пунктін қоспағанда) үй-жайына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптар:

      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес айырбастау пунктінің үй-жайын күзетуді ұйымдастыру және жайластыру;

      2) айырбастау пунктінің операциялық кассасы күнтізбелік отыз күн бойы ақпараттың жазылуын және сақталуын қамтамасыз ететін бейнебақылау жүйесімен жабдықталады, бұл ретте бейнебақылаудың көру аймағында кассирдің жұмыс аймағы және клиент болуға тиіс, ал тиісті қондырғылар бейнебақылау үшін бөгеттің болмауын қамтамасыз ететін жерлерде орнатылады;

      3) кассирдің жұмыс орны Қағидалардың талаптарына сәйкес айырбастау операцияларының есебін жүргізу үшін компьютерлік жүйемен не бақылау-касса аппаратымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен, сондай-ақ банкнотты ультракүлгін жарықпен тексеруді (қағаздың люминесценциясын бақылау және өзге) және банкнотты магниттік белгілердің болуына тексеруді қамтамасыз ететін ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдармен жабдықталады;

      4) қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша дайындықтан өткен не қолма-қол шетел валютасымен кемінде алты ай жұмыс тәжірибесі бар кассир.

      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға айырбастау пунктінің қызметін жүзеге асыру процесінде айырбастау пунктінің үй-жайында орнатылған жабдықтың жұмыс істеуін, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасының талаптарына сәйкес бейнебақылау жүйесінің ақпаратын жазуды және сақтауды қамтамасыз етеді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Әрбір айырбастау пунктінде клиенттерге көрінетін қолжетімді жерде мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) лицензияны алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес талап етілмеген жағдайларды қоспағанда, қазақ және орыс тілдеріндегі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияның көшірмесі;

      2) уәкілетті ұйымдар үшін – Ұлттық Банктің филиалы осы айырбастау пунктіне берген қолданыстағы лицензияға қолданыстағы қосымшаның көшірмесі;

      3) уәкілетті банктер үшін – Ұлттық Банк филиалының осы айырбастау пунктіне берген уәкілетті банктің айырбастау пункті куәлігінің көшірмесі (уәкілетті банк осындай куәлікті алғаннан кейін);

      4) айырбастау пунктінің жұмыс режимі;

      5) айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операциялар жүргізілетін әрбір шетел валютасы үшін белгіленген теңгемен қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және (немесе) сату бағамы туралы мәліметтерден тұратын, клиенттерге арналған ақпараттық стенд (биіктігі кемінде 0,4 метр және ені 0,4 метр көлемінде);

      6) айырбастау пунктінің клиенттеріне арналған, айырбастау пунктінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық Банк филиалы туралы және осы айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған кезде Ұлттық Банк филиалы атына шағым жіберу мүмкіндігі туралы мәліметтер қамтылатын, Қағидаларға 10-қосымшағанысан бойынша ақпарат;

      7) айналысқа жарамды және айналысқа жарамсыз банкноттардың негізгі белгілері туралы, сондай-ақ төлемге немесе айналысқа жіберуге жарамсыз шетел валютасының банкноттарын инкассоға қабылдау тәртібі мен талаптары туралы ақпарат;

      8) Ұлттық Банктің осы актінің қолданылу кезеңінде айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгемен сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейтін актісінің көшірмесі;

      9) клиенттерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кассир туралы ақпарат (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса).";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Егер туындаған мән-жайлар (техникалық іркіліс, бұзылу немесе басқа да себептер) нәтижесінде айырбастау пунктінің үй-жайы, айырбастау пунктінің жұмыс істеуіне арналған жабдық және (немесе) айырбастау пунктінің қызметкерлері Қағидалардың 31-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, айырбастау пунктінде айырбастау операциялары жүргізілмейді.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізу";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Айырбастау пункттері бағамдарды белгілеу туралы өкімнің негізінде белгіленген сатып алу, сату бағамдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүргізеді.

      Бағамдарды белгілеу туралы өкімде осы өкімнің қолданылуы басталатын күн мен уақытты (сағатпен және минутпен белгіленетін) көрсете отырып, айырбастау пунктінде айырбастау операциялары жүргізілетін валюталардың барлық түрлері үшін сатып алу, сату бағамдары болады.

      Бағамдарды белгілеу туралы бір өкімде жүргізілетін айырбастау операцияларының сомасына байланысты бір мезгілде әр түрлі бағамдар белгілеуге рұқсат етіледі.";

      42-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "электрондық өкімді шығарған тұлғаны сәйкестендіру мүмкіндігі;";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Заңды төлем құралының негізгі белгілеріне банкнотта эмиссиялаған банк атауының, нөмірі мен сериясының, цифрлармен және жазумен номиналының, бет және сырт жақтарының негізгі суретінің, сондай-ақ қолдан жасаудан қорғау элементтерінің (ультракүлгін сәуле түсіргенде көрінетін конфеттиді, қорғаныш жіптерін, микромәтінді, люминесцирлейтін суреттерді және басқаларды қоса алғанда, сутамғы белгі, магниттік белгілер, қағазға енгізілген түрлі-түсті талшықтар және басқада қолдан жасаудан қорғау элементтер) болуы жатады.

      Валютаның эмитент елі шығарылған банкноттарға өзге не қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.

      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға, (оның филиалы) банкноттардың түпнұсқалығын және төлем жасауға қабілеттігін анықтау жөніндегі анықтамалық және ақпараттық материалдарды осы өнім түрін көбейтумен айналысатын тұлғалардан дербес сатып алады.";

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. Мынадай бүлінулері бар:

      1) банкноттың бейнесін айқындауға мүмкіндік беретін шамалы дәрежеде ескірген және ластанған;

      2) егер жыртылған бөліктер сөзсіз бір банкнотқа тиесілі болса, желімделген жыртық бұрыштары немесе бөліктері бар (көлемі бір шаршы сантиметрден аспайтын);

      3) банкноттың ені бойынша бір сантиметрден, ұзындығы, қиғаш сызығы бойынша төрт сантиметрден аспайтын, үш жыртықтан (оның ішінде желімделгендер) аспайтын;

      4) егер олар банкноттардың түпнұсқалығын айқындауға кедергі келтірмесе және Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген белгілердің елу пайызынан астам жаппаса, ұсақ майлы және басқа дақтары, жазбалар және мөртабандардың таңбасы бар (банкноттың тесілгені немесе банкноттың түпнұсқа емес немесе үлгі болып табылатынын куәландыратын мөртабандарды қоспағанда, екі мөртабаннан, жазбалардан аспайтын);

      5) тесік диаметрі бір миллиметрден аспайтын кемінде екі тесігі бар банкноттар айналысқа жарамды заңды төлем құралдары болып танылады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Егер банкноттар Қағидалардың 48-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе және (немесе) мынадай бүлінулері болса:

      1) бөлшектеліп жыртылған (оның ішінде желімделген);

      2) бастапқы түсін жоғалтқан немесе оңып кеткен;

      3) жанған немесе күйдірілген;

      4) тұтас немесе едәуір дәрежеде (айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірінің елу пайыздан астамы) бояу, сия, май төгілген;

      5) ультракүлгін сәуле түсіргенде қағаздың жылтырауына әкеп соғатын сыртқы әсерлерге ұшыраған;

      6) қасақана сипаттағы едәуір бүлінген (негізгі суреттері, атап айтқанда адамдардың портреттері өзгерген, қорғаныш жібі жойылған, едәуір жазбалардың болуы, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсіргенде көрінетін, екі мөртабанның іздері және банкноттың өтелгені туралы немесе түпнұсқа емес немесе үлгі болып табылатыны туралы растайтын мөртабан, диаметрі бір миллиметрден астам екіден артық тесіктері бар);

      7) баспадан кеткен анық ақауы бар банкноттар (сутамғы белгісінің немесе қорғаныш жіптің болмауы немесе дұрыс орналаспауы, бейнелердің басылмауы немесе бұлыңғыр болуы);

      8) геометриялық өлшемдердің азаюы жағына, сол сияқты ұлғаюы жағына үш миллиметрден артық өзгеруі;

      9) банкнот бейнесінің көрінбей кетуіне әкеліп соғатын едәуір ескірген және (немесе) ластанған жерлері бар;

      10) едәуір жұмсарған және (немесе) қаттылығын жоғалтқан банкноттар айналысқа жарамсыз болып танылады.

      Тиісті шет мемлекеттің эмитент банкі жариялаған күнінен кейін айналыстан шығарылған банкноттар төлемге жарамсыз деп танылады.";

      50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Төлемге жарамайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноттарды сатып алуды және ауыстыруды шетел банктерімен тиісті шетел валюталарымен инкассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша корреспонденттік қатынастары және (немесе) шарттық қатынастары бар уәкілетті банктер жүзеге асырады.";

      51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Айырбастау пунктінде жүргізілетін әрбір айырбастау операциясы аяқталғаннан кейін электрондық түрде жүргізілетін және Қағидаларға 11-қосымшада белгіленген нысан бойынша сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында (бұдан әрі – тізілімдер журналы) белгіленген барлық деректемелер мен көрсеткіштерді қамтитын сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында ескеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:

      "56-1. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бастамасы бойынша барлық жұмыс істеп тұрған айырбастау пункттерінің қызметі күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге уақытша тоқтатылған жағдайда, Қағидалардың 55 және 56-тармақтарында көзделген есептерді ұсыну барлық есепті мерзім ішінде жүргізілген операциялар болмаған және Қағидалардың 39-тармағында көзделген тәртіппен хабарлама жіберілген жағдайда талап етілмейді.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Өтпелі ережелер";

      8-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      10-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      12-қосымшада:

      "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде:

      11-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "коды 210-жол

=коды 211-жол + коды 212-жол;

      коды 220-жол

=коды 221-жол + коды 222-жол.";

      13-қосымшада:

      кестеде:

      "Жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялар" 2-бөлімінің алтыншы жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

екі миллион теңгеден астам

222








      ";

      "Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде:

      12-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      коды 210-жол

=коды 211-жол + коды 212-жол;

      коды 220-жол

=коды 221-жол + коды 222-жол.".

      2. Уәкілетті ұйымдар осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін екі ай ішінде өз қызметін осы қаулының 1-тармағының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, алпыс тоғызыншы абзацтарының талаптарына сәйкес келтірсін.

      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Боранбаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      Министр _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 27 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Сұлтанов Б. Т.

      2017 жылғы 25 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Министр ______ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 26 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 188 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің аумақтық
филиалының атауы)

      20____ жылғы "_____" _________                        № ____

Уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      1. айырбастау пункті қызметінің басталуы туралы/ашылуы туралы _________________

      айырбастау пунктінің қызметін тоқтату туралы/жабу туралы ______________________

      деректердің өзгергені туралы _________________________________________________

      2. Уәкілетті банктің/уәкілетті банк филиалының атауы ___________________________

      3. Уәкілетті банктің/уәкілетті банк филиалының орналасқан жері

      ________________________________________________________________________________

      4. Уәкілетті банктің/уәкілетті банк филиалының БСН-і

      ________________________________________________________________________________

      5. Айырбастау пунктінің түрі

      ________________________________________________________________________________

      (автоматтандырылған/ автоматтандырылмаған)

      6. Айырбастау пунктінің орналасқан жері

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Уәкілетті банктің айырбастау пунктінде операциялық кассалардың саны

      ________________________________________________________________________________

      8. Уәкілетті банктің айырбастау пункті куәлігінің нөмірі және күні

      ________________________________________________________________________________

      9. Уәкілетті банк/уәкілетті банктің филиалы осы хабарлама арқылы _________________

      мекенжайы бойынша орналасқан айырбастау пунктінің Қазақстан Республикасында қолма-

      қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының

      талаптарына сәйкес келетінін растайды.

      Хабарлаушының уәкілетті адамы:

      ________________            ____________________            _________________

      (лауазымы)                  (тегі және инициалдары)                  (қолы)

      20____ жылғы "_____" ______________

      Мөр орны

      (қағаз нысанындағы хабарламалар үшін, ол болған кезде)

8-қосымшаны толтыру бойынша нұсқаулар

      Уәкілетті банктің айырбастау пункті ашылған кезде 8-тармақты қоспағанда, 8-қосымшаның барлық тармақтарын толтыра отырып, айырбастау пункті қызметінің басталуы туралы хабарлама жіберіледі.

      Уәкілетті банктің айырбастау пункті жабылған кезде 8-қосымшаның барлық тармақтарын толтыра отырып, уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің тоқтатылуы туралы хабарлама жіберіледі.

      Айырбастау пункті қызметінің басталуы туралы бұрын берілген хабарламада міндетті түрде толтыру үшін көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде 8-қосымшның барлық тармақтарын толтыра отырып, деректердің өзгергені туралы хабарлама жіберіледі.

      6-тармақта айырбастау пункті көпфункционалды мақсаттағы үйлер мен ғимараттарда (оның ішінде теміржол вокзалдарында, әуежайларда, іскерлік және сауда орталықтарында) орналастырылған жағдайда айырбастау пунктінің орналасқан жерін нақтылайтын деректер (мысалы, қабаты, секторы, блогы) көрсетіле отырып, айырбастау пунктінің үй-жайы орналасқан мекенжай көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 188 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Айырбастау пунктінің клиенттеріне арналған ақпарат

      __________________________________________________________________________

      (қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар

      заңды тұлғаның, оның филиалының атауы мен орналасқан жері)

      Лицензияның нөмірі және күні

      __________________________________________________________________________

      Осы айырбастау пунктінің қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      _____________________ филиалы бақылайды.

      Айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған кезде шағымдар мына мекенжай

      бойынша:

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалының пошталық мекенжайы)

      жіберілсін.

      Шағымды қарау үшін онда мынадай мәліметтерді хабарлауды сұраймыз:

      өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса);

      өтініш берушінің мекенжайы;

      айырбастау пунктінің мекенжайы;

      осы айырбастау пунктін ашқан, айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның, оның филиалының атауы;

      шағымның мазмұны;

      айырбастау пункті бұзушылыққа жол бергенін көрсететін күн және уақыт;

      айырбастау пункті кассирінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      Шағымды беру үшін өтініш берушінің қолтаңбасы қажет.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 188 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5735 тіркелген, 2009 жылғы 14 тамызда "Заң газеті" газетінде № 123 (1546) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6059 тіркелген, 2010 жылғы 5 наурызда "Заң газеті" газетінде № 34 (1656) жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 143 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9788 тіркелген, 2014 жылғы 4 қарашада "Заң газеті" газетінде № 166 (2560) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады