"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2014 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
2. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Маңқараевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Көлгінов |
Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірде № 759 қаулысына қосымша |
Орал қаласы бойынша 2014 жылға өсімдік шаруашылығындағы
міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша
егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері | Үшінші құрғақ далалық аймақта егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімі | |||||
Көктем ерте түскен мезгілде | Көктем орта мезгілде түскенде | Көктем жәй түскен мезгілде | |||||
басталуы | аяқталуы | басталуы | аяқталуы | басталуы | аяқталуы | ||
1 | Жаздық бидай | 15 мамыр | 25 мамыр | 15 мамыр | 25 мамыр | 15 мамыр | 25 мамыр |
2 | Күздік бидай | 15 тамыз | 10 қыркүйек | 15 тамыз | 10 қыркүйек | 15 тамыз | 10 қыркүйек |
3 | Жаздық арпа | 25 сәуір | 1 мамыр | 30 сәуір | 5 мамыр | 5 мамыр | 15 мамыр |
4 | Сұлы | 25 сәуір | 1 мамыр | 30 сәуір | 5 мамыр | 5 мамыр | 15 мамыр |
5 | Тары | 20 мамыр | 25 мамыр | 20 мамыр | 25 мамыр | 20 мамыр | 25 мамыр |
6 | Күнбағыс | 1 мамыр | 10 мамыр | 5 мамыр | 10 мамыр | 10 мамыр | 15 мамыр |