Ақжайық ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 41 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 ақпанда № 3422 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 29.01.2015 № 70 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай Ақжайық ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар);
      2) 50 асқан жұмыссыз әйелдер;
      3) 55 жастан асқан жұмыссыз ерлер;
      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының түлектері;
      5) он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар;
      6) отбасында бірде бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      7) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар (алғаш жұмыс іздеушілер);
      8) 29 жасқа дейінгі жастар.
      2. "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 80 "Ақжайық ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3218 тіркелген, 2013 жылы 4 сәуірде "Жайық таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Шиниязовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Н. Турегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады