Ақжайық ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 80 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 наурызда № 3218 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 24.01.2014 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай Ақжайық ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар);
      2) елу жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
      3) елу бес жастан асқан жұмыссыз ерлер;
      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының түлектері;
      5) он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар;
      6) отбасында бірде бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      7) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (алғаш жұмыс іздеушілер).
      2. "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Шиниязовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Н. Турегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады