Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 391 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 қыркүйекте № 3635 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақжайық аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандарсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Жұматоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Төреғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Ақжайық аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________С. Бақманов

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№391 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 17.02.2023 № 42 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекендер атаулары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1.

Ақбұлақ ауылы

"Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Ақбұлақ ауылдық кітапхана ғимаратының алдында

2.

Ақсуат ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ақсуат ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

3.

Алғабас ауылы

"Ақжайық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Алғабас дәрігерлік амбулатория ғимаратының алдында

4.

Алмалы ауылы

"Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Алмалы ауылдық кітапхана ғимаратының алдында

5.

Атамекен ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Атамекен ауылдық клуб ғимаратының алдында

6.

Базартөбе ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Базартөбе ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

7.

Базаршолан ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Базаршолан ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

8.

Бітік ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Бітік бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

9.

Битілеу ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "И.Тайманов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

10.

Бударин ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Бударин ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

11.

Есенсай ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Есенсай жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

12.

Есім ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Есім бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

13.

Жайық ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Жайық ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

14.

Жамбыл ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Жамбыл ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

15.

Жаңабұлақ ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Жаңабұлақ жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

16.

Жаңажол ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Жаңажол ауылдық клуб ғимаратының алдында

17.

Жанама ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Сарытоғай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

18.

Жолап ауылы

"Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі Жолап ауылдық кітапхана ғимаратының алдында

19.

Жұбан Молдағалиев ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Құрайлысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

20.

Қабыл ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Лбішін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

21.

Қабыршақты ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қабыршақты ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

22.

Қадырқұл ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Қадырқұл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

23.

Қамыстыкөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Қамыстыкөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

24.

Қарағай ауылы

"Ақжайық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Алғабас дәрігерлік амбулаторияның Қарағай медициналық пункті ғимаратының алдында

25.

Қарауылтөбе ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қарауылтөбе ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

26.

Кеңсуат ауылы

"Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Кеңсуат ауылдық кітапхана ғимаратының алдында

27.

Коловертное ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Коловертное ауылдық клуб ғимаратының алдында

28.

Көнеккеткен ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "О.Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

29.

Қызылжар ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Еңбекші негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

30.

Лбішін ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ақжол ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

31.

Мерген ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Мерген ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

32.

Мойылды ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Мойылды ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

33.

Тайпақ ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ақжайық аудандық "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының филиалы ғимаратының алдында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Краснояр негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

34.

Тасоба ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Тасоба бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

35.

Тегісжол ауылы

"Ақжайық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Алғабас дәрігерлік амбулаторияның Тегісжол медициналық пункті ғимаратының алдында

36.

Тінәлі ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Тінәлі негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

37.

Тоған ауылы

"Ақжайық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Алғабас дәрігерлік амбулаторияның Тоған медициналық пункті ғимаратының алдында

38.

Томпақ ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Томпақ ауылдық клуб ғимаратының алдында

39.

Сайқұдық ауылы

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Сайқұдық ауылдық клуб ғимаратының алдында

40.

Самал ауылы

"Ақжайық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Бударин дәрігерлік амбулаторияның Самал медициналық пункті ғимаратының алдында

41.

Сарман ауылы

"Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Сарман ауылдық кітапхана ғимаратының алдында

42.

Үштөбе ауылы

Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Үштөбе ауылдық клуб ғимаратының алдында

43.

Чапаев ауылы

Байтерек базарының алдында, "Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Абай атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында.

44.

Шабдаржап ауылы

Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Шабдаржап ауылдық клуб ғимаратының алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады