Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі Қарауылтөбе ауылындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қарашада № 3683 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Қарауылтөбе ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі Қарауылтөбе ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
      жобалық көшесі № 1 – «Жағалау» көшесі;
      жобалық көшесі № 2 – «А. Иманов » көшесі;
      жобалық көшесі № 3 – «Ж. Молдағалиев» көшесі;
      жобалық көшесі № 4 – «Т. Масин» көшесі;
      жобалық көшесі № 5 – «Бейбітшілік» көшесі;
      жобалық көшесі № 6 – «Қазақстан» көшесі;
      жобалық көшесі № 7 – «Бірлік» көшесі.
      2. Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Қ. С. Паңғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Қ. С. Паңғалиевқа тапсырылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қарауылтөбе ауылдық
      округі әкімі

Ғ. Қ. Ихсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады