Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Д. Закарин |
Жаңақала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысымен бекітілген |
"Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында(ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемеұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090400, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі № 44.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
12. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістерәкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесініңмиссиясы жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады.14. Міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай қалыптасуы мен іске асырылуына қатысу;
2) ауданда шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
3) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және басқалай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
5) ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторинг жүргізеді;
6) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
7) халық, кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасындағы мәселелері бойынша ақпаратты-түсіндірмелі жұмысын жүргізу;
8) "Ең үздік кәсіпкер" аудандық конкурсын ұйымдастыру және жүргізу;
9) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, "дөңгелек столдар" ұйымдастыру және жүргізу;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
3) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Жаңақала ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мамандары болады.
20. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
5) сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданысқа заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз мамандарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.