Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Жаңақала ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Закаринге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Л. Хайретдинов |
2014 жылғы 25 маусымдағы № 161 аудан әкімдігінің қаулысына қосымша |
Жаңақала ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын
адамдардың қосымша тізбесі
1. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік даярлаудан өткен адамдар;2. Елу жастан асқан адамдар;
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының түлектері;
4. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жыл және одан да көп);
5. Отбасында бірде бір жұмыс істеуші жоқ адамдар;
6. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар.