Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 30.04.2020 № 47-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 20-5 "Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3411 тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтардағы "Ауыл айнасы" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8-тармақтың 2)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық шығындарына 5 АЕК мөлшерінде және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға, бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына, қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайыбына (жұбайына) 1,2 АЕК мөлшерінде.";
9-тармақтың 7)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын :
"7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған, сонымен қатар 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға санаторлық-курорттық ем алуы үшін, табысын есепке алмай 29 АЕК мөлшерінде.";
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Бисенғалиев |
Мәслихат хатшысы | Е. Ғазизов |