Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 3554 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 10 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің 13.12.2016 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 137 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Қошанкөл ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылы аумағында мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А. Шамұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады