Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 4644 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 404 ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылы аумағында мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 16 мамырдағы "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3554 тіркелген, 2014 жылғы 6 маусымда "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қошанкөл ауылдық округі әкімі А. Шамұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады