Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 147 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қазанда № 3648 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Селолық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Шахаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қаратөбе аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________________Қ. Сүйеуғалиев
29.09.2014 ж

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 189 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 10.12.2020 № 189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Қоржын ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

2

Бесоба ауылы

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "А.Әділов атындағы Жалғызағаш бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

3

Егіндікөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

4

Жусандыой ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Жамбыл орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

5

Ханкөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

6

Ақтай ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

7

Алакөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Алакөл негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

8

Қаратөбе ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Қаратөбе мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

9

Қаратөбе ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

10

Қоскөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

11

Шалғын ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім бөлімінің "Шалғын негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

12

Қарақамыс ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Б.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

13

Сәуле ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Жақсыбай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

14

Сулыкөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

15

Үшана ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Б.Аманшин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

16

Төлен ауылы

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Төлен негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

17

Шөптікөл ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

18

Үшағаш ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Үшағаш негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

19

Соналы ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім бөлімінің "Соналы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады