Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 147 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 189 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 6543 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 147 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3648 тіркелген, 2014 жылы 24 қазанда "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Карменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауданының әкімі Ж. Асантаев

      КЕЛІСІЛДІ:
Қаратөбе аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
__________Б.Жүсіпқали
"__" ____________2020 жыл.

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 189 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Қоржын ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

2

Бесоба ауылы

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "А.Әділов атындағы Жалғызағаш бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

3

Егіндікөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

4

Жусандыой ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Жамбыл орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

5

Ханкөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

6

Ақтай ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

7

Алакөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Алакөл негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

8

Қаратөбе ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Қаратөбе мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

9

Қаратөбе ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

10

Қоскөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

11

Шалғын ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім бөлімінің "Шалғын негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

12

Қарақамыс ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Б.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

13

Сәуле ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Жақсыбай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

14

Сулыкөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

15

Үшана ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Б.Аманшин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

16

Төлен ауылы

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Төлен негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

17

Шөптікөл ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

18

Үшағаш ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Үшағаш негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

19

Соналы ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім бөлімінің "Соналы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады