Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8 "Сырым ауданынық әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 мамырдағы № 20-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 мамырда № 3541 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 52-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 03.04.2020 № 52-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" және 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8 "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы аудандық "Сырым елі" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      8 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарына 5 АЕК мөлшерінде және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 2000 теңге мөлшерінде, соның ішінде Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Е. Исанов

Мәслихат хатшысы

А. Галимов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады