Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 71 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 сәуірде № 3468 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 28.05.2019 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тасқала аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ауылдық округ әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Әлиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Тасқала аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Б.Имашев
17.03.2014 ж.

  2014 жылғы 17 наурыздағы № 71
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарының орналастыру орындары

1

Ақтау ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды;
"Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

2

Беленький ауылы

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

3

Черная Падина ауылы

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

4

Амангелді ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

5

Бірінші Шежін ауылы

"Жалпы білім беретін Бірінші Шежін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

6

Достық ауылы

Фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының алды; Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

7

Бастау ауылы

"Жалпы білім беретін Вавилин бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

8

Ынтымақ ауылы

"Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

9

Атамекен ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды;
"Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

10

Қалмақ-Шабын ауылы

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

11

Тасқала ауылы

"Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды;
Жақсығұлов және Абай көшелерінің қиылысы;
Маметова және Ордженикидзе көшелерінің қиылысы;
"Бөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды

12

Бірлік ауылы

"Жалпы білім беретін Кузнецов негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

13

Жігер ауылы

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

14

Оян ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды;
"Жалпы білім беретін Оян орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

15

Кеңжайлау ауылы

"Жалпы білім беретін Ленинжол бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

16

Мереке ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

17

Мерей ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

18

Аққайнар ауылы

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

19

Өркен ауылы

"Жалпы білім беретін Белугин бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

20

Айнабұлақ ауылы

"Жалпы білім беретін Родник негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

21

Тоғайлы ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

22

Екінші Шежін ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

23

Талды-Бұлақ ауылы

"Жалпы білім беретін Талдыбұлақ бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

24

Ермольчев ауылы

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады