2014 жылғы егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 77 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 сәуірде № 3500 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 67 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 17.03.2015 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi аудан аумағында 2014 жылғы егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
      2. "Тасқала ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Серғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      С. Әлиев

2014 жылғы 1 сәуірдегі № 77
аудан әкiмдігiнiң қаулысына
қосымша

Өсiмдiк шаруашылығындағы
мiндеттi сақтандыруға жататын
өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi
бойынша табиғи-климаттық аймақтар
бөлiгiндегi аудан аумағында 2014 жылғы
егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзiмдерi

Дақылдардың түрлері

Оңтайлы егу мерзімдері

басталуы

аяқталуы

Құрғақ дала аймағы

1

Жаздық бидай

1 мамыр

10 маусым

2

Жаздық арпа

1 мамыр

1 маусым

3

Тары

10 мамыр

10 маусым

4

Күнбағыс

10 мамыр

10 маусым

5

Күздік бидай

10 тамыз

10 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады