2015 жылғы егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 67 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 3876 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 337 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 29.12.2015 № 337 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2015 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 77 "2014 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3500 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т. Д. Нарушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Серғалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Әлиев

  2015 жылғы 17 наурыздағы
Тасқала аудан әкімдігінің
№ 67 қаулысына
қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы
өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында
2015 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

  №  

 Дақылдардың түрлері 

Оңтайлы мерзімдері

басталуы

аяқталуы

ІІІ құрғақ дала аймағы

1

Жаздық бидай

1 мамыр

10 маусым

2

Жаздық арпа

1 мамыр

1 маусым

3

Тары

10 мамыр

10 маусым

4

Күнбағыс

10 мамыр

10 маусым

5

Күздік бидай

10 тамыз

10 қыркүйек


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады