"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 69 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасқала ауданының Шежін-2 ауылы аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Т. Шакиров |