Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастар туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 10-3 "Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3281 тіркелген, 2013 жылдың 17 мамырдағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 5 тармағындағы "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;" деген сөздер "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы, немесе өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Батыров |
Аудандық мәслихат хатшысы | Ә. Нурғалиев |