Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 64 ұсынысы негізінде Лубен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округінің аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Лубен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ю.Боқаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лубен ауылдық округінің әкімі |
А. Бисембаев |