Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 32 ұсынысы негізінде Лубен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округінің аумағындағы ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі №8 "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3513 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда "Серпін" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Лубен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ю.Боқаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Лубен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
А.М.Нурушев |