Полтава ауылдық округінің Мәжит жайлауы аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Полтава селолық округі әкімінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қаңтарда № 3752 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округі әкімінің 22.04.2016 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 12 қарашадағы № 232 ұсынысы негізінде Полтава ауылдық округінің әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүйізді ірі қара малынан қарасан ауруының пайда болуына байланысты, Полтава ауылдық округінің Мәжит жайлауы аумағында карантин белгіленсін.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Полтава ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы А. Таужанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады