Карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 мамырда № 4380 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 235 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округінің Мәжит жайлауы аумағындағы карантин тоқтатылсын.
      2. Полтава ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 8 "Полтава ауылдық округінің Мәжит жайлауы аумағында карантин белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3752 тіркелген, 2015 жылғы 17 қаңтарда "Серпін" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Полтава ауылдық округінің әкімі Т. Б. Уразов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады