"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10197 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 17 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрінің 27.01.2016 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Төрағасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 қазандағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9797 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 23 қазанда 2014 года № 207 (28430) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Агенттіктің Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Агенттіктің Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мәліметіне жеткізсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ.Қожамжаров

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының 2015 жылғы 27 қаңтардағы
№ 21 бұйрығының қосымшасы    

Қазақстан Республикасы       
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының 2014 жылғы 14 қазандағы
№ 12 бұйрығымен бекітілді   

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның
аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын
мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік
талаптары

Санат

Лауазымның атауы

Біліміне қойылатын талаптар

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

Қажетті дағды мен білік

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты

B-PK-1

Аппарат басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде алты жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он екі жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті білім

Басқару шешімді қабылдау мен әзірлеу сатысында ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; стратегиялық жоспарлау тәжірибесінің болуы; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; басқа ведомстволармен және ұйымдармен тиімді және ретті қарым-қатынасты ұйымдастыру; компьютерлік техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

B-PK-2

Департаменттің басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде он  жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы; жетекшілік ететін қызметті талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; жоспарлау дағдысының болуы; қабылданған шешімдерді тиімді және шешімді жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; басқа бөлімшелермен өзара қарым-қатынасты тиімді және ретті ұйымдастыру; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-3

Департамент басшысының орынбасары, Басқарманың басшысы, Орталық органның бірінші басшысының кеңесшісі

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде жеті жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл немесе тең деңгейдегі не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде төрт жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде тоғыз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он  жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-4

Департамент басқармасының басшысы
Басқарма басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда немесе тең деңгейдегі не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде жеті жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-5

Департаменттің басқарма басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде екі жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде алты жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің басшылары үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-6

Орталық органның бірінші басшысының көмекшісі
Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, оның ішінде  төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде бір жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-7

Аға тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде үш жыл қызмет өтілінің, оның ішінде  төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-8

Тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-9

Кіші офицер

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін орта кәсіби білім


Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық бөлімшелері

С-РКО-1

Аумақтық бөлімшенің басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде алты жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде он бір жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он екі жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы; жетекшілік ететін қызметті талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; жоспарлау дағдысының болуы; қабылданған шешімдерді тиімді және шешімді жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; басқа бөлімшелермен өзара қарым-қатынасты тиімді және ретті ұйымдастыру; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; персоналды дұрыс таңдау; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; тұлғааралық қарым-қатынастың жолдарын білу; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-2

Аумақтық бөлімше басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл немесе құқық қорғау, арнайы органдары орталық аппараттың  басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде он  жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; тұлғааралық қарым-қатынастың жолдарын білу; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-3

Аумақтық бөлімшенің басқарма басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл немесе құқық қорғау, арнайы органы орталық аппаратының  лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде төрт жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-4

Аумақтық бөлімшенің басқарма басшысының орынбасары,
Аумақтық бөлімшенің бөлім басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде алты жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және корытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-5

Аумақтық бөлімшенің бөлім басшысының орынбасары,
Аумақтық бөлімшенің басқарма бөлімінің басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде екі жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің  болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің басшылары үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-6

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде екі жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде бір жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-7

Аға тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-8

Тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім


Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-9

Кіші офицер

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін орта кәсіби білім


Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; тапсырмаларды тиімді орындау, жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру, ақпаратты талдау және корытындылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады