Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 наурызда № 10460 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев

      "Келісілді"

      Жеке сот орындаушыларының

      республикалық палатасы

      басқармасының төрағасы

      ______________ С. Ли

      2015 жылғы "__" ақпандағы



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 126 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Жеке сот орындаушысы куәлігінің, жеке мөрінің үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 296 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7146 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазандағы № 326 (26717) "Казахстанская правда", 2011 жылғы 13 қазандағы № 493 (26885) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 13.06.2019 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3) Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 26.11.2019 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) "Іс қағаздарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9268 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидаларында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке сот орындаушысының лицензиясының қызмет етуі тоқтатылған кезде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жеке сот орындаушысының мұрағатын, ағымдағы шоттағы қаражаттарын басқа жеке сот орындаушысына беру, сондай-ақ сот орындаушысының лицензиясын алып, уәкілетті органға беру және жеке сот орындаушысының жеке мөрін жою шарасын қабылдайды.

      5. Жеке сот орындаушыларынан басталатын ұйымдық-өкімдік сипатындағы құжаттарда жеке тәжірибемен айналысатын жеке сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайын және жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметі жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысы қызметінің аумағын көрсету керек.

      Құжаттың тақырыбы (хаттама, қаулы, акт, ұсыныс, сұрау салу) бас әріптермен жазылады, қысқа болуы және құжаттың мазмұнын дәл көрсетуі тиіс. Тақырыпқа құжат түрінің атауы жазба әріптермен жазылады.";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Құжаттарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау үшін жеке сот орындаушылары тігінделетін, нөмірленетін және жеке сот орындаушысының қолымен әрі мөрімен бекітілетін мынадай журналдарды жүргізеді:

      кіріс хат-хабарлар журналы (1-қосымша);

      шығыс хат-хабарлар журналы (2-қосымша);

      атқарушылық құжаттарды есепке алу журналы (3-қосымша);

      ағымдағы шоттағы соманы есепке алу кітабы (депозиттік кітап) (4-қосымша).

      Есеп атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы да жүргізіледі.

      Жеке сот орындаушысына келіп түсетін құжаттар кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі.

      Алынған құжатта бірінші парағының төменгі жолында оң жағында кіріс хат-хабарлар журналындағы реттік нөмірге сәйкес келетін оның тіркелген күні мен нөмірі көрсетіліп мөртабан (5-қосымша) қойылады.

      14. Атқарушылық құжаттар атқарушылық құжаттарды есепке алу кітабында тіркеледі және атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

      15. Шығыс құжаттары шығыс хат-хабарлар журналында тіркеледі.

      Құжатта шығыс хат-хабарлар журналындағы реттік нөмірге сәйкес келетін тіркеу нөмірі қойылады.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жеке сот орындаушысының құжаттары орындалғаннан кейін олар белгілі бір мәселеге жататын құжаттардың жиынтығын білдіретін істерге топтастырылады.

      Құжаттар сыныптамасы іс номенклатурасында тіркеледі, ол сақталу мерзімін көрсете отырып, іс жүргізуде жасалатын істер тақырыптарының жүйелендірілген тізбесін білдіреді және тұрақты және уақытша (10 жылдан артық) сақтаудағы істердің түзімдемесін жасау үшін, сондай-ақ уақытша (10 жылға дейін қоса алғанда) сақтаудағы істерді есепке алу үшін негізгі болып табылады.

      18. Жеке сот орындаушыларының номенклатурасын жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жасайды.

      Істер номенклатурасы үш данада басылады және тиісті жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Істер номенклатурасының бірінші данасы жеке сот орындаушысында сақталады, екіншісі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының мұрағатына, үшіншісі мемлекеттік мұрағатқа беріледі.";

      24-тармақ алып тасталсын;

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жеке сот орындаушысының өзінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сондай-ақ жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, атқарушы округінің атаулары, лицензияның нөмірі көрсетілген жеке мөрі (бұдан әрі – мөр) болады.

      Мөр дайындалудың жоғары сапасымен, қолдан жасаудан қорғалуымен, мемлекеттік тілде жазылып, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталады. Сондай-ақ, жеке сот орындаушысында мөртабан мен жеке бланкілері болады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жеке сот орындаушыларының мөрлерін дайындауға тапсырыс жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының тапсырысы бойынша орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мөрлерді беру нөмірленген, тігінделген және өңірлік палатаның мөрімен бекітілген арнайы басталған журналда қол қойдырып жүргізіледі.

      Журнал қатаң есептілік және тұрақты сақтау құжаты болып табылады.";

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Мөрі жоғалған немесе ұрланған жағдайда жеке сот орындаушысы уәкілетті органның аумақтық органына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тез арада хабарлайды.

      33. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қызметі тоқтатылған жағдайда аумақтық орган және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысының мөрін алып қою және комиссия арқылы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік бермейтіндей етіп, деформациялау жолымен жою жөнінде шаралар қабылдайды, бұл туралы тиісті акт жасалады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Жойылған мөрлердің қолданылуын жою және жарамсыздығы туралы ақпаратты жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы республикалық немесе жергілікті баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.".

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 126 бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына 1-қосымша

Жеке сот орындаушысының куәлігінің үлгісі



Жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісінің сипаттамасы

      1. Жеке сот орындаушысының куәлігі (бұдан әрі – куәлік) мұқабасы мен жапсырмасынан тұрады.

      2. Мұқабасы қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан, былғары алмастырғыш немесе бумвинилден жасалады, ашық түріндегі көлемі – 65 х 190 мм. Мұқабасының сыртқы бетінің ортасында алтындалған баспаханалық шрифтімен "КУӘЛІК" сөзі белгіленеді.

      3. Куәліктің жапсырмасы жоғары өнімді компьютерлік техниканы, арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы баспаханалық тәсілмен жасалады, жоғары сапалы офсеттік техникада басып шығарылады, басып шығару алдында және басып шығару кезеңінде қолдан жасау және көшіруден көп деңгейлі қорғалады.

      4. Куәліктің жапсырманың негізгі түсі көгілдір. Жапсырмасы екі оң және сол бөліктен тұрады.

      5. Жапсырманың сол жағы мемлекеттік тілде толтырылады.

      Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қаріппен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" жазуы және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палатаның атауы жазылады.

      Жапсырманың сол бөлігінің сол жағында жеке сот орындаушысының суретін жабыстыруға арналған 3 x 4 см көлеміндегі орын болады.

      Жапсырманың сол бөлігінің төменгі жағында өңірлік палата жетекшісінің лауазымы, қол қоятын орны, тегі және аты-жөні көрсетіледі (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі).

      6. Жапсырманың оң жағы орыс тілінде толтырылады.

      Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қарпімен "РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПАЛАТА ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палата атауы жазылады.

      Жапсырманың оң бөлігінің сол жағында диаметрі 26 мм көгілдір түсті шеңберде таразы бейнеленген, таразының бүйірінен екі жағынан алтын түсті лавр жапырақтары бейнеленген.

      Жапсырманың оң бөлігінің төменгі жағында лицензияның нөмірі және берілген күні (цифрлармен, қара түсті баспа әріптерімен толтырылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпімен).

      7. Жапсырманың сол және оң бөліктерінің оң жағында ортада куәліктің нөмірі (цифрлармен, қызыл түсті баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), жеке сот орындаушысының тегі (қара түсті бас баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), аты, әкесінің аты (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі), атқарушылық округінің атауы (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпі).

      8. Жеке сот орындаушысының куәлігіне қол қойғаннан кейін фотосуреттің төменгі оң жақтағы бұрышта өңірлік палата мөрінің бедері қойылады, содан кейін сыртқы беті ламинатталады және сыртқы бетімен куәлік мұқабасының ішкі жағына жабыстырылады.

      9. Белгіленген ресiмдердің қойылған талаптарына сәйкес келмейтін, түзетiлген жері және тазарту болған куәліктер жарамсыз болып есептеледi.".

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 126 бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына 2-қосымша

Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі


Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің сипаттамасы

      1. Жеке сот орындаушысының жеке мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы құрал-жабдықпен жасалады, жасандыларынан жоғары дәрежеде қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталады. Мөрдің диаметрі 40 мм. құрайды.

      2. Жеке сот орындаушысының мөріндегі барлық жазулар мемлекеттік тілде жазылады.

      3. Жеке сот орындаушысы мөрінің мәтіні жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауынан, жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауынан, жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің атынан, лицензия нөмірі мен берілген күнінен тұрады. Жеке сот орындаушысының тегі, аты және әкесінің аты жеке басын растайтын куәлігіне сәйкес жазылады.

      4. Мөр мәтінінде үш жиек бейнеленген. Бірінші жиектің (сыртқы) сызығының қалыңдығы 0,4 мм. құрайды. Екінші жиек сызығының қалыңдығы 0,25 мм. құрайды. Үшінші жиек сызығының қалыңдығы 0,35 мм. құрайды.

      5. Екінші және үшінші жиектердің арасында:

      жоғарғы жағында бас баспа әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауы;

      ортасында екі бүйірінен сегіз бұрышты жұлдыздар;

      төменгі жағында цифрлармен, бірінші әрпі – бас әріп, Tahoma қарпі лицензияның нөмірі және берілген күні бейнеленеді.

      6. Үшінші жиектің ішінде жоғарғы жағында баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауы; ортасында таразы, таразының бүйірінен екі жағынан лавр жапырақтары бейнеленген; төменгі жағында жеке сот орындаушысының тегі баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен, аты және әкесінің атының бірінші әрпі бас әріппен, Tahoma қарпімен жазылады.

      Ескерту:

      Жеке сот орындаушысының бекітілген куәліктегі және жеке мөрдегі мәліметтерді өзгерткен жағдайда жеке сот орындаушысы он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерту енгізеді және оларды әзірлегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жеке мөрдің баспа-таңбасын міндетті ұсынумен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына хабарлайды.".

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 126 бұйрығына 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына 3-қосымша

Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 26.11.2019 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады