Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 30.03.2017 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2016 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағы сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2016 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Күштері жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 114 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6836 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2011 жылғы 13 сәуірде № 123-124 (26544-26545) жарияланған).

      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7378 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2012 жылғы 30 маусымда № 207-208 (27026-27027) жарияланған).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 119 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргiзу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2016 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.10.2015 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізудің, оның ішінде кезектен тыс жүргiзудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының (бұдан әрі – Комиссиялар) сот сарапшыларын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауын жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2016 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Қазақстан Республиасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ сот-сараптама қызметін сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар, еңбекке жарамсыздық парағы негізіндегі жүкті әйелдерді қоспағанда, олардың кәсіби даярлығы деңгейін анықтау мақсатында сот сараптамасын жүргізу құқығына біліктілік куәлігін (лицензияны) алғаннан кейін бес жылда бір рет Комиссиялар жүргiзетiн аттестаттаудан өтедi.

      Аттестатталушы Комиссиялардың отырысына дәлелді себептермен келмеген жағдайда оны аттестаттау Комиссиялар белгілеген кейінгі мерзiмге ауыстырылады.

      3. Бала күтімі бойынша демалыста жүрген сот сарапшылары жұмысқа шыққаннан соң, кемiнде алты айдан кейiн аттестатталады.

      4. Аттестаттауға, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауға жататын сот сарапшыларының тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі, аттестаттаудан өту кестесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының басшылары бекітеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2016 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Сот сарапшысы аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өту үшін Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшелерінің басшылары қол қойған, сот сарапшысының кәсіптік даярлығының деңгейін көрсететін сот сарапшысына мінездеме;

      3) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшаларымен (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда – дипломдарының көшірмелері қосымшаларымен);

      4) сот сарапшысының қорытындыларына соңғы бес жылдағы рецензиялар;

      5) соңғы бес жылдағы көтермелеулер мен тәртіптік жазалар (болған жағдайда) туралы бұйрықтардың көшірмелері;

      6) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы мәліметтер.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2016 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       6. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өту үшін Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшаларымен (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда – дипломдарының көшірмелері қосымшаларымен);

      3) сот сарапшысының қорытындыларына соңғы бес жылдағы рецензиялар;

      4) біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2016 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары аттестатталушы сот сарапшыларын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттетстаттаудан өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2016 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       8. Аттестаттауға, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауға жататын сот сарапшылары аттестаттау материалдарын Комиссияға оның отырысы басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жолдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2016 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Аттестаттауды жүргізу тәртібі

      9. Комиссиялар аттестаттауды аттестатталушы сот сарапшысының қатысуымен өткізеді.

      10. Аттестаттау 2 кезеңнен тұрады, үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі:

      1) компьютерлік тестілеу: сот сарапшылары үшін 100 сұрақ және сот-медициналық сарапшылары үшін 50 сұрақ, сот-наркологиялық сарапшылары үшін 50 сұрақ;

      Сот сарапшылары үшін – қылмыстық-іс жүргізу құқығы бойынша (20 сұрақ), азаматтық-іс жүргізу құқықтары бойынша (20 сұрақ), криминалистика бойынша (20 сұрақ), әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ), Заң бойынша (20 сұрақ);

      сот-медициналық сарапшылары үшін - игеретін мамандықтары бойынша (50 сұрақ).

      сот-наркологиялық сарапшылары үшін - игеретін мамандықтары бойынша (50 сұрақ).

      2) белгілі бір сарапшылық мамандығы бойынша біліміне тексеру жүргізілетін ауызша әңгімелесу. Ауызша әңгімелесу жүргізу кезінде мамандығы бойынша 5-тен аспайтын сұрақ қойылады.

      11. Үміткерлер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде тестілеуге жіберіледі.

      Компьютерлік тестілеу уақыты 1 сұраққа 1 минут есебімен есептеледі.

      Тестілеу уақытында үміткерлер өзара сөйлесе алмайды. Үміткер көмекші құжаттарды (анықтамалықтарды, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдарын және электрондық тасығыштағы қандай да бір жазбаларды қолдануға жол берілмейді.

      12. Сот сарапшылары үшін тестілеуден өтудің шекті мәні қойылған сұрақтардың жалпы санынан 70% дұрыс жауапты құрайды.

      Компьютерлік тестілеуді есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарлама арқылы есептеледі. Нәтижелер екі данада шығарылады, оның біреуі үміткерге беріледі, ал екіншісі үміткердің қол қоюымен үміткердің біліктілік іс парағында сақталады.

      13. Егер тестілеудің нәтижесі белгіленген шекті мәннен кем болса, аттестаттауға жататын сот сарапшысы аттестаттаудың келесі кезеңіне жіберілмейді.

      14. Ауызша әңгімелесу белгілі бір сарапшылық мамандық түрі бойынша өтеді және сот сарапшысының кәсіптік деңгейі бағаланады.

      Ауызша әңгімелесу түріндегі білімдерін тексеру барысында, берілген сұраққа 2/3 дұрыс жауап берген жағдайда, үміткер емтиханнан өткен болып есептеледі.

      15. Қағиданың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген, құжаттарды қарап, және де компьютерлік тестілеу мен әңгімелесу нәтижелерін зерттей келе, Комиссия келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) аттестатталды;

      2) қайталама аттестаттауға жатады.

      Нәтижелері аттестация өткізілген күні жарияланады және осы Қағиданың 3-ші қосымшасындағы нысан бойынша Аттестациялау комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетіледі.

      16. Алғашқы аттестаттауда аттестатталмаған сот сарапшысы бір рет қана қайта аттестаттауға жатады.

      17. Қайта аттестаттау Қағиданың 10-тармағында айқындалған тәртіппен алғашқы аттестаттау өткізілген күннен бастап 3 айдан кейін өткізіледі. Алғашқы тестілеу кезінде белгіленген шекті мәннен жоғары баға алған сот сарапшысы, қайталама аттестация кезінде әңгімелесуге қайтадан тест тапсырмай жіберіледі.

      Сот-медициналық және сот-наркологиялық мамандықтағы сарапшылар қайталама аттестацияға арнайы кәсіби дайындықтан өткеннен кейін жіберіледі (өтініш беріп отырған мамандығы бойынша біліктілікті жоғарлату кем дегенде 108 сағатты құрайды).

      Аттестаттау комиссиялары, сот сарапшысы қайта аттестаттаудан өткен кезде, келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) аттестатталды;

      2) аттестатталмады.

      18. Сот сарапшысының тиісті деңгейдегі кәсіби даярлығына негізді күмән туындаған кезде, Қағиданың 10-тармағында айқындалған тәртіппен оны кезектен тыс аттестаттау өткізіледі.

      19. Аттестаттаудың нәтижесі хаттамада көрсетіледі.

      20. Аттестаттау Комиссиясының шешімі осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестаттау комиссиясының қорытындысы (әрі қарай - қорытынды) түрінде екі данада ресімделеді.

      21. Қорытынды сот сарапшысына Комиссия отырысы өткен күннен бастап 5-ші жұмыс күні беріледі.

      Сот-медициналық және сот-наркологиялық мамандықтағы сарапшыларға қорытынды аттестация өткен күннен бастап бір ай ішінде беріледі.

      22. Қорытынды аттесттаталушы адамның атқаратын қызметіне сәйкестігіне сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің (оған қосымша(лар)сы болған жағдайда) заңды күшін растайтын құжат болып табылады.

      23. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің (оған қосымша(лар)сы болған жағдайда) болмаған және одан айырылған, сондай-ақ оны уақытша тоқтатқан жағдайларда қорытындының заңды күші болмайды.

      24. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауын жүргізуі кезінде туындайтын даулар сот тәртібімен шешіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2016 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
аттестаттау комиссияларының
сот сарапшысының аттестаттауын
жүргізу қағидасына
1-қосымша

      Нысан


Қазахстан Республикасы

Әділет министрлігі

Аттестаттау комиссиясы

төрағасының орынбасарына


      Өтініш

      Сізден мені сот сарапшысы аттестациясынан өтуге жіберуіңізді сұраймын:

      Соныен қатар, аттестаттаудан өтуге мынадай құжаттарды жолдаймын:

      1.

      2.

      3.

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпиялардағы мәліметтерді қолдануға келісемін:

      _______________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      және қызмет алушының қолы

      Өтініш берген күні

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
аттестаттау комиссияларының
сот сарапшысының аттестаттауын
жүргізу қағидасына
2-қосымша

      Нысан

      Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш номері

      2. Құру күні

      Негізгі мәліметтер

      3. ЖСН

      4. Тегі

      5. Аты

      6. Әкесінің аты (болған жағдайда)

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      7. Жеке басын куәландыратын құжат типі

      8. Нөмірі

      9. Сериясы

      10. Берілген күні

      11. Аяқталған күні

      12. Берген органы

      Мекенжайы

      13. Пошталық индекс

      14. Мемлекет, облыс, аудан, елдімекен

      15. Көше атауы

      16. Үйдің, ғимараттың нөмірі

      17. Пәтер, кеңсе номері

      18. Телефон номері

      Қызмет аясы туралы мәліметтер

      19. Өзіңіздің сот-сараптама қызметін жүзеге асыру тәсілін таңдаңыз:

      - қызмет беруші қызметкер:

      20. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі (оған қосымшасымен бірге)

      Біліктілік куәлігінің (қосымшасымен бірге) номері

Біліктілік куәлігінің (қосымшасымен бірге) номері


Рұқсат құжатының мерзімі


Мамандығы



      - Лицензия негізінде сот сараптама қызметін жүзеге асыратын тұлға

      20. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі (қосымшасымен бірге)

Біліктілік куәлігінің (қосымшасымен бірге) номері


Рұқсат құжатының мерзімі


Мамандығы



Лицензия номері



Лицензияны берген күні


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
аттестаттау комиссияларының
сот сарапшысының аттестаттауын
жүргізу қағидасына
3-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      Аттестаттау комиссиясы отырысының

      № хаттамасы

      2015 ж. " " .

_______________________________________________________________


қаласы


Комиссия мүшелері


______________________________________________________


Төраға


____________________________________________________________________


Хатшы


____________________________________________________________________



       Қазахстан Республикасы Әділет министрлігінің 20__жылғы "__"_____ № бұйрығының негізінде жұмыс атқаратын аттестаттау комиссиясының қарауына келесі аттестатциялау құжаттары ұсынылды _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      _____________________________________________________________________________

      (өтініш, мінездеме, дипломдар көшірмелері, сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі (оған қосымшалар), сот-сараптамасы қызметімен айналысуға лицензия немесе рұқсаттың электрондық нысандағы үзіндісі: сарапшы қорытындысына рецензия, көтермелеулер мен тәртіптік жазалар (олар болған жағдайда) туралы бұйрықтардың көшірмелері, мәліметтер нысандары (қажетін сыз)

      1-ші кезеңнің нәтижелері (компьютерлік тестілеу жүргізу):____балл, екінші кезеңге: "жіберіледі"/ "жіберілмейді"

      (қажетін сызу)

      Жүргізілген әңгімелесудің қысқаша мазмұны:

1.


________________________________________________________________________


2.


________________________________________________________________________


3.


________________________________________________________________________



      Аттестациялық комиссия мүшелерінің қабылдаған шешімдері бойынша дауыс беру нәтижелері: "қарсы емес"______, "қарсы"_______.

      Аттестациялық комиссия шешім қабылдады:

1)



аттестатталды



(Т.А.Ә. (болған жағдайда)



2)



аттестатталған жоқ немесе қайтадан аттестаттауға жатады



(Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Комиссия төрағасы


________



________________________



қолы



(Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Комиссия мүшелері


_______



________________________



қолы



(Т.А.Ә. (болған жағдайда)



__________



________________________________



қолы



(Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Хатшы


____________



___________________________________



қолы



(Т.А.Ә. (болған жағдайда)


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
аттестаттау комиссияларының
сот сарапшысының аттестаттауын
жүргізу қағидасына
4-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      аттестаттау комиссиясының

      № қорытындысы

      2015 жылғы " " .


қаласы


Комиссия мүшелері



Төраға



Хатшы




      Қазахстан Республикасы Әділет министрінің 20 жылғы " "_____ №__ бұйрығының негізінде іске асырылатын

_____________________________



_______________


аттестация істерді қарап


(аты-жөні, тегі (болған жағдайда),


лауазымы және


сот сарапшысының жұмыс орны)



аттестация түрі




Шешті:


___________________________________________________________________



аттестация қорытындысы, сот сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


__________________





комиссия төрағасының


қолы немесе ЭСҚ







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады