Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10534 тіркелді.

      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2023 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестиңиялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

"КЕЛІСІЛГЕН":


Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


____________Қасымов


2015 жылғы 10 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 83 бұйрығымен
бекітілген

Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту тәртібін, сондай-ақ теміржол көлігінің жолаушыларының және азаматтардың қауіптілігі жоғары аймақтарда болуы және теміржолдар арқылы жүріп өту кезіндегі қауіпсіздігі шараларын айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2023 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) жаяу жүргіншілер төсемі - "Жолдар арқылы өту" көрсеткішімен белгіленген және теміржолдар арқылы жаяу жүргіншілердің қозғалуы үшін бөлінген теміржолдар учаскесі;

      2) теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймағы - теміржолдар, теміржол станцияларының, вокзалдардың аумақтары, тасымал процесімен байланысты теміржол көлігі ұйымдарының өзге де объектілері;

      3) теміржол өткелі – теміржол көлігіндегі жылжымалы құрамын және көлік құралдарын өткізу жағдайы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, құрылғылармен жабдықталған, автомобиль жолдарының теміржол жолдарымен бір деңгейде қиылысуы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2023 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қағидалар қызметі теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында объектілерді орналастырумен және оларда жұмыстар жүргізумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға, теміржол көлігінің қызметтерін пайдаланатын жолаушыларға, және қауіптілігі жоғары аймақтарда тұратын азаматтарға қолданылады.

      4. Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарының шекаралары Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және қағидаларына сәйкес айқындалады.

2. Қауіптілігі жоғары аймақтарда жолаушылардың және азаматтардың болуы, теміржолдар арқылы жүріп өтуі және өту тәртібі

      5. Поездың келуін күту теміржол станциясының, вокзалдың (күту залдары, балалы жолаушыларға арналған бөлмелері, демалыс бөлмелері, сауда және қоғамдық тамақтандыру пункттері) арнайы белгіленген орындарында жүзеге асырылады.

      6. Жолаушылардың вагондарға отыруы (түсуі) поезд толық тоқтағаннан кейін жүргізіледі.

      7. Жолаушылардың вагондардан шығуы мен отыруы перрон немесе отырғызу платформасы жағынан жүргізіледі. Кәмелетке толмаған балалар вокзал аумағында ересектердің қарауында болады.

      8. Қауіптілігі жоғары аймақтарда:

      1) балаларды жолаушылар платформасында (перронда) қараусыз қалдыруға, әртүрлі қимыл ойындарын ұйымдастыруға;

      2) қол жүгімен, багажбен, өзге де заттармен вокзал ғимаратына/ғимаратынан перрондарға, отырғызу платформаларына, жаяу жүргіншілер көпірлеріне, төсемдерге, туннельдерге өтетін жолдарды бөгеуге;

      3) вагондардың төбесіне, есігінің баспалдақтарына, өту алаңдарына отыруға; поезд жүріп келе жатқанда поезға отыруға және түсуге, поезд жүріп келе жатқанда вагон терезелерінен және тамбурлардың есіктерінен үңіліп қарауға;

      4) ілме басқыштар мен өту алаңдарында және теміржол көлігінің баспалдақтары мен басқа да сыртқы бөліктерінде тұруға, жүріп келе жатқан поезд вагондарының есіктерін ашуға, қала маңына қатынайтын поездардың автоматтық есіктерінің ашылып-жабылуына бөгет жасауға;

      5) арнайы рұқсатсыз жүк поездарында жүруіне;

      6) жолаушы платформасы арқылы келе жатқан немесе жөнеліп бара жатқан поезд вагонының жанында жүгіруге, сондай-ақ тоқтаусыз өтіп бара жатқан поездың қозғалысы кезінде платформаның шетінен екі метрден кем қашықтықта болуға; поезд толық тоқтамай вагонға жақындауға; билетсіз жүк тасымалы мен жолаушы тасымалын жүргізуге;

      7) поезды қажетсіз, өз еркімен тоқтатуға;

      8) жылжымалы құрам толық тоқтағанға дейін және есік ашылғанға дейін сары шектеу сызығының артында болуға;

      9) жылжымалы құрам астынан өтуге;

      10) жолда жолаушылар платформасынан секіруге;

      11) электрлендірілген учаскелерде тіректерге көтерілуге, сондай-ақ тіректен рельске баратын төменге жанасуға, жерде жатқан электр сымына сегіз метрден жақындауға;

      12) жылжымалы құрам вагондарының тұтқаларына жабысуға;

      13) жолаушылар платформаларында (перрондарда) теміржол көлігі қозғалысының бұзылуын тудыруы мүмкін заттарды төсеуге, лақтыруға, қалдыруға жол берілмейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2023 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Теміржолдардан тек белгіленген орындардарда, жаяу жүргіншілер көпірлері, туннельдері, теміржол өткелдері арқылы ғана өтуге рұқсат беріледі. Көпірлері мен туннельдері жоқ станцияларда теміржолдардан жаяу жүргіншілер төсемдері арқылы өтуге рұқсат етіледі.

      10. Азаматтар жаяу жүргіншілер төсемі бойынша теміржолдан өтер алдында жүріп келе жатқан теміржол көлігінің болмауына көз жеткізуі қажет. Теміржол көлігі жақындаған кезде тоқтауы және оны өткізуі қажет.

      11. Теміржол өткеліне жақындаған кезде азаматтар жарық және дыбыс дабылын, сондай-ақ шлагбаумның орналасу жағдайын байқайды. Жолдарды кесіп өту ашық шлагбаум кезінде жүріп келе жатқан теміржол көлігі болмағанда жүзеге асырылады.

      12. Теміржолдар арқылы жүріп өту және өту аймақтарында:

      1) теміржол бойымен шеткі рельске бес метрден жақын жерден өтуге;

      2) жаяу жүргіншілердің өтуі үшін жабдықталмаған жолдармен теміржол көпірлері мен туннельдері арқылы өтуге;

      3) теміржолдар арқылы жүруге; жақын келе жатқан поездың алдынан, егер оған дейінгі қашықтық 400 метрден кем болса, теміржолдар арқылы өтуге; бір бағыт поезд өткеннен кейін, қарсы бағыттағы поезд жүрісі болмауына көзі жетпей, көпжолды учаскелер арқылы өтуге;

      4) шлагбаум жабық тұрған немесе өткелдің дабыл бағдар шамы қызыл белгісін көрсеткен кезде теміржол өткелдерінен өтуге; теміржол өткеліндегі жабық тұрған шлагбаумның астына түсуге, сондай-ақ шлагбаум жабыла бастаған кезде өткелге шығуға; бағыттамалы бұрмалар бойынша жолдардан өтуге; станциялар мен екі аралықтарда вагондардың астына кіруге және жолдан өту үшін авто тіркеуден асып түсуге;

      5) электрлендірілген учаскелерде тіректерге шығуға, сондай-ақ тіректен рельске дейінгі еңістерге жанасуға; жерде жатқан электр сымына сегіз метрден жақын қашықтыққа жақындауға;

      6) рельстерге тұруға немесе отыруға, үшкір және рамалық рельс немесе бағыттамалы бұрмалардың жылжымалы өзектерінің айқаспасы бар науа арасында тұруға;

      7) теміржол көлігі қозғалысының бұзылуын тудыратын заттарды теміржолдарға қоюға, тастауға, қалдыруға жол берілмейді.

3. Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында объектілерді орналастыру және жұмыстар жүргізу тәртібі

      13. Қауіптілігі жоғары аймақтарында объектілерді орналастыру және жұмыстар жүргізу Ұлттық инфрақұрылым операторы беретін жазбаша рұқсат негізінде жүргізіледі.

      14. Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында объектілерді орналастыруға жұмыстар жүргізуге рұқсат алу үшін Ұлттық инфрақұрылым операторына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) еркін нысандағы жазбаша өтініш;

      2) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген жобалық құжаттама;

      3) жұмыстар жүргізу кезінде теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймағында зақым келтірілген элементтерді қалпына келтіру туралы міндеттеме;

      4) жұмыстарды жүргізу қоршаулар мен орындарды қою схемасы;

      5) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2023 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Өтініш осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күннің ішінде қаралады. Көрсетілген мерзімнен кейін дәлелді жауап беріледі. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау қауіптілігі жоғары аймағында объектіні орналастыруға және жұмыстар жүргізуге рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2023 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары Ұлттық инфрақұрылым операторы өкілінің қатысуымен кейіннен рұқсат беруімен орындалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2023 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Теміржол көлігінің жоғары қауіптілік аймақтарында жұмыстарды жүргізу теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін төмендетпеуі, теміржол көлігі қозғалысында үзілістердің пайда болуына әкелмеуі тиіс.

      18. Теміржолдардың электр беру және байланыс желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, автомобиль жолдарымен және басқа да жер үсті және жер асты құрылғыларымен қиылысуына тиісті мемлекеттік органның келісімінен кейін жол беріледі. Теміржолдардың жер үсті және жер асты құрылыстармен қиылысуы осы құрылыстарды жобалау мен орналастырудың нормативтік-техникалық актілерінің тиісті талаптарын сақтай отырып орындалуы тиіс.

      19. Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында мал жайылымына жол берілмейді.

      20. Қауіптілігі жоғары аймақтарға өрттерді, аварияларды және басқа да табиғат апаттарын жою үшін өрт сөндірушілердің және авариялық-құтқару командаларының жауынгерлік есептері жедел және шұғыл медициналық көмек бригадалары кедергісіз жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады